26
январь
2023
"Меркі ірімшік зауыты" ЖШС - не экскурсия
26.01.2023 жылы кәсіптік бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес №48 жалпы орта білім беретін мектебінің кәсіптік бағдар беру педагогтары 9 сынып білім алушыларына "Меркі ірімшік зауыты" ЖШС - не экскурсия жасады. Экскурсияны аға мастер Даулетбаева Гүлсім жүргізді.
Аға мастер оқушыларды зауыттың жұмыс қызметімен таныстырды. Білім алушылар сүт өнімінен өндірілетін тағамдар цехында болып, цехтың жұмыс процесімен танысты.
Таныстыру барысында өндіріс маманы "Меркі ірімшік зауыты" ЖШС бүгінде сүт өнімдерінің 70-ке жуық түрін шығарады. Оның ішінде атақты Меркі майы, айраны және сыры еліміздің өзге де облыстарына тасымалданатынын айтып өтті.