«Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының I кезеңі өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 2025 жылғы 10 ақпандағы №223 хатына және «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының 2025 жылғы 24 қаңтардағы хатына сәйкес, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитеті «El Umiti» Корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өтетін ауыл мектептерінің 6 сынып оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының I кезеңі 1-10 сәуір аралығында өтуі тиіс болатын. №48 жалпы орта білім беретін мектебінде аталған олимпиаданың I кезеңі 1-2 сәуір күндері өткізілді. Олимпиадаға жалпы https://1000bala.elumiti.kz сайтына тіркелген 47 оқушы онлайн қатысты. Оқушылар 90 минутқа берілген 40 тест сұрағына жауап берді. Тапсырмалар логикалық ойлау және кеңістікті ойлау бойынша берілді.