12
октябрь
2022
Меркі ауданы №9 өрт сөндіру бөлімі ашық есік күні аясында кездесу
№48 жалпы орта білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес кәсіптік бағдар беру педагогтары, 11 сынып түлектерімен Меркі ауданы №9 өрт сөндіру бөлімі ашық есік күні аясында кездесу өткізді. Шараны өткізудегі негізгі мақсат оқушылардың Отанға, елге деген патриоттық сезімдерін арттыра отырып, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға баулу, өрт сөндірушілердің жұмысымен жақын таныстыру. Оқушылар от жауынгерлерінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жарақтарымен, өрт сөндіру автоколіктерімен танысты. Сонымен қатар N9 өрт сөндіру бөлімінің мамандары оқушыларға аталған мамандық иесі болу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесуден оқушылар керемет әсерлер алып қайтты.