МЕКТЕПКЕ ЖОЛ акциясы » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » МЕКТЕПКЕ ЖОЛ акциясы
01
август
2025

МЕКТЕПКЕ ЖОЛ акциясы

Жақсылық жасап жарысайық


 Ел болашағының тізгінін ұстайтын жас ұрпақ – мемлекетіміздің басты құндылығы. Олардың толыққанды білім алып, саналы азамат болып қалыптасына ықпал ету – басты міндет.

Осыған орай, жаңа оқу жылының қарсаңында жыл бойы жалғасын табатын «Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында «№48  жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде белсенді жұмыс жүргізілуде. 2025-2026  жаңа оқу жылында ұйымдастырылған «Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізіліп отыр. Акция 01 тамыз бен 30 қыркүйек аралығын қамтитын болады. Аталмыш акцияның басты мақсаты - әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан, ата – ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға материалдық тұрғыда көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады.

Акция аясында мектеп бойынша әлеуметтік көмек қажет ететін оқушылар анықталып, ата-аналарының өтініші негізінде оқушыларға көмек көрсетілуде. Демеушілерді тарту мақсатында әртүрлі бизнес өкілдеріне сұраныс хаттар жіберіліп, ата-аналар мен мектеп қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. 

«Мектепке жол» Республикалық акциясы әлі де жыл бойы жалғасын табады және оқушылардың әлеуметтік жағдайы басты назарда болады. Осыған байланысты мектебіміздің әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың ата-аналарына және акцияға үлес қосып, демеуші болам деген тұлғаларға мектеп әкімшілігіне жолығуларын өтінеміз. 

Жақсылық жасау -  күн шуағындай адам жүрегін нұрға бөлейді. Ал, балаға қуаныш сыйлау бақыттың биік шыңы. Осы орайда акция аясында мектеп оқушыларына көмек көрсетіп қол ұшын созған әрбір демеушілерге тағы да шексіз алғыс білдіреміз.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив