27
февраль
2023
«Мамандық таңдау - маңызды іс» тақырыбында экскурсия
27.02.2023 жылы №48 жалпы орта білім беретін мектебінде 20 ақпан – 3 наурыз аралығында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған онкүндік іс-шарасының жоспарына сәйкес «Мамандық таңдау - маңызды іс» тақырыбында 9-10 сынып оқушыларымен "Мыхан" дәрігерлік амбулаториясына тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияны КББ педагогтары және сынып жетекшілері өткізді.
Мақсаты: білім алушылардың мамандық туралы дүниетанымын кеңейту.
Амбулатория медбикелері білім алушыларға мекеменің іші, өздерінің жұмыстарымен таныстырды. Қан қысымын өлшеу құралын пайдалануды көрсетті. Болашақта медицина мамандығын таңдап отырған білім алушылар практикада өздері қан қысымын өлшеуді үйренді. Сонымен қатар ем-шара бөлмесінде емделушілерге ине егудің дұрыс жолдарын көрсетті. Білім алушылар жақсы әсерде қалды.