25
ноябрь
2022
"Мамандық таңдау - ең маңызды мәселе" тақырынба кездесу
25.11.2022 жылы №48 жалпы орта білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес кәсіптік бағдар беру педагогтары, әлеуметтік қызмет маманы М.Маделиев "Мамандық таңдау - ең маңызды мәселе" тақырыбында 11 сынып білім алушыларымен кездесу өтті. Кездесуге Меркі ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Оразбаева Айгуль Сайысбековна, "Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы" КММ Меркі аудандық кеңес беру кабинетінің психологі - Ширинхан Әсет Нұржанқызы, орталықтың әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесшісі - Нұрманова Жанерке Нұрманқызы қатысты.
Қонақтарымыз мектеп түлектеріне мамандықты қалай таңдауға болады? ҰБТ-ді қалай тапсыру керек? болашақта мамандықты қалай таңдау керек? деген сұрақтарға жауап бере отырып, өз мамандықтарын қалай таңдағандықтарын, қазіргі таңда сол мамандықтары бойынша атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды. Оқушылар қонақтарымызға сұрақтарын қойып, ұтымды жауаптар алды. Кездесу жоғары деңгейде өтті. Кездесу соңында қонақтарымыз мектеп түлектеріне алдағы келе жатқан ҰБТ-ден жоғары нәтижелер көрсетулеріне, өздері қалаған мамандық иелері болуларына тілектес екендіктерін жеткізді.