12
октябрь
2023
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
2023 оқу жылы 10 қазан күні №48 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы жалғасуда.
Мақсаты: Білім алушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Білім алушыларды көркем әдебиет оқу арқылы мәдениеттілікке баулу. Кітапхана мен бала арасында тығыз байланысты қалыптастыру . Әр жастағы білім алушыларды кітапханаға, кітап оқуға тарту.
Оқуға деген қызығушылық кітаптар арқылы балалардың бойында мектеп қабырғасынан бастап қалыптасады. Кітапхана осы қызығушылық шоғырлаған орын, кітап әлеміне қызықтыратын жол көрсетуші. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасымен «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру барысында мектеп білім алушылары өздерінің ұнатқан кітаптарын оқуға 20 минуттарын арнап отыр.