Педагогтерді конкурспен жұмысқа қабылдау
2026 жылдың 27 ақпан күні №48 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бұйрықтарымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына» сәйкес https://hr-nobd.iac.kz/#/sign-in сайтында конкурс жарияланды. Аталған бұйрықтың 113 тармағына сәйкес бос информатика пәнінің мұғалімі лауазымына Атабаева Насиба Эргашевна құжат тапсырған болатын. Конкурстық комиссия төрайымы мен мүшелері үміткердің құжаттарын Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап, осы Қағиданың 13-қосымшасына сәйкес Бағалау парағында көрсетілген балдарды есептеуді жүзеге асырды. Нәтижесінде информатика пәнінің мұғалімі лауазымына үміткер Атабаева Насиба Эргашевнаның 11 балл алғандығы анықталды. 2026 жылдың 20 наурыз күні комиссия мүшелері бос информатика пәнінің мұғалімі лауазымына Атабаева Насиба Эргашевнаны тағайындауға мектеп директоры В.Киргизбаеваға ұсыныс берілді.