Педагогтерді конкурспен жұмысқа қабылдау
2026 жылдың 27 қаңтар күні №48 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бұйрықтарымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына» сәйкес https://hr-nobd.iac.kz/#/sign-in сайтында конкурс жарияланды. Аталған бұйрықтың 113 тармағына сәйкес уақытша бос ағылшын тілі пәнінің мұғалімі лауазымына Жайлауова Құралай Сарсенбайқызы құжат тапсырған болатын. Конкурстық комиссия төрайымы мен мүшелері үміткердің құжаттарын Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап, осы Қағиданың 13-қосымшасына сәйкес Бағалау парағында көрсетілген балдарды есептеуді жүзеге асырды. Нәтижесінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі лауазымына үміткер Жайлауова Құралай Сарсенбайқызының 19 балл алғандығы анықталды. 2026 жылдың 16 ақпан күні комиссия мүшелері уақытша бос ағылшын тілі пәнінің мұғалімі лауазымына Жайлауова Құралай Сарсенбайқызын тағайындауға мектеп директоры В.Киргизбаеваға ұсыныс берілді.