02
март
2023
Уақытша мектепалды орыс даярлық сынып мұғалімінің бос лауазымына орналасуға конкурс
Уақытша мектепалды орыс даярлық сынып мұғалімінің бос лауазымына орналасуға конкурс
1. Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ойтал ауылы, Достық көшесі №19 мекен-жайында орналасқан, байланыс телефоны: 8(72632) 4-36-67, электрондық пошта: mektep48.merke@yandex.kz «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 1 жүктемемен уақытша мектепалды орыс даярлық сынып мұғалімінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
2. Лауазымдық міндеттері:
білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес сабақ кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;
балалар қызметін басқарады (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзгесі);
заттық-дамытушылық ортаны құрады;
балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалайды;
бос уақытты, спорттық іс-шараларды және өзге де шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;
дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесін жоспарлайды;
мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады;
балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
білім беру ұйымдарында өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық кеңестер, конкурстар және басқалар) қатысады;
кәсіби құзыреттілікті арттырады;
отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады;
мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;
педагогикалық этиканың нормалары;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының мазмұны мен құрылымы;
психология және педагогика, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары, еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар.
3. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде жұмыс өтілі: педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін – кемінде 2 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 3 жыл, педагог-шебер үшін-5 жыл;
және (немесе) біліктілігінің орта деңгейі болған кезде жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл.
4. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде (03.03.2023-14.03.2023 жыл) жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау мектеп базасында жұмыс күндері сағат 9.00- 13.00, 14.30-18.00-ге дейін қабылданады.
5. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе
педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
6. Уақытша бос лауазымға конкурс өткізу кезінде педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі 31.05.2023 жылға дейін.