21
октябрь
2021
«Оқуға құштар мектеп»
«Оқуға құштар мектеп»
№48 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханашылары 5 - 10 сынып білім алушылары арасында ұлы ақындар шығармаларынан көркем оқу және сахналық қойылым түріне мерекелік іс-шара болып өтті.
Аталмыш іс-шараға оқуға арналған «100 кітап» тізбесін насихаттау және «Оқуға құштар мектеп» айдары бойынша оқушыларға оқу үшін ұсынылған М.Мақатаев, Б.Соқпақпаев, Ғ.Мүсрепов, М.Әуезов, Қ.Қайсенов, А.Тарази шығармаларын мектеп ұстаздары мен білім алушылары «Отан», «Ана тілі» тақырыбында өлеңдер оқып, М. Шаханов пен Ш.Айтматовтың «Құз басындағы аңшының зары» кітабынан көрші екі елдің жазушылары, қос бәйтеректің бір-бірімен сырласу келбеттерін 8 сынып оқушылары сахналау көріністері көрермендер көңілінен шықты. Оқушылардың шығармашылық қабілетін, кітап оқу деңгейін анықтау үшін «Мектеп білім алушылары оқуға тиіс 100 кітап» тізімі бойынша қазақ, орыс, шетел әдебиеттерінен викториналы сұрақтар қойылып, әдеби ойындар өткізілді.
Тәуелсіздік - еліміздің баға жетпес байлығы, ел еркіндігі. Міне, биыл тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанымызға 30 жыл толады «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтылғандай Еліміздің тірегіне айналған бұл азаттық әр қазақтың жүрегіне мөр болып басылып, өшпестей із қалдырған ата-бабамыздың асыл қазынасын біз бір сәтте естен шығармауымыз керек! Сондықтан, әрбір оқырман Тәуелсіздіктің ата-бабамыздың төккен тері мен келген қасиетті биік шыңы екенін ұмытпайды.
Тәуелсіздік тойы жалпы халықтық сипатқа ие болып, бәрімізге айрықша рух беріп, отыз жылдық елдіктің, егемендіктің, кемелдену мен келешекке құлаш сермеудің тамаша кезеңіне айналса нұр үстіне нұр болатынына кәміл сенеміз.