06
ноябрь
2022
«Ертегілер еліне саяхат» және Шерхан Мұртазаның «Жалғыз» атты әңгіме желісі бойынша көріністі сахналық қойылымы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы 2022 жылғы 31 қазан – 6 қараша аралығында «Әрбір бала – дана бала!» атты күзгі каникул кезінде №48 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың 2 қараша күні үйірме жетекшілерінің ұйымдастыуымен «Ертегілер еліне саяхат» және Шерхан Мұртазаның «Жалғыз» атты әңгіме желісі бойынша көріністі сахналық қойылымы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Балаларға қазақ әдебиетін насихаттау арқылы қызықты, пайдалы кітаптар туралы ақпарат беру, кітап оқуға деген ынталарын арттыру. Балаларды ертегілер желісімен таныстыру, кейіпкерлердің мінез-құлықтарын айту арқылы өз пікірлерін ортаға салу, қиял ұшқырлығын дамыту. Ертегі арқылы қоршаған ортаны танып білуге, табиғаттың сиқырлы сырларын сезіне білуге, халықтың әдемілік және әдептілік жайлы ұғымдарын бойына сіңіруге, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінікті қалыптастырып , адамгершілік тәрбиесінің бастауларын бойына сіңіруге ықпал ету.
Жауапты үйірме жетекшілері: Г.Сұлтанова ,Н.Апсенова