Мектеп әкімшілігі » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » » Мектеп әкімшілігі
01
сентябрь
2022

Мектеп әкімшілігі


 


№48 жалпы білім беретін мектебінің директоры Б.Ахметбеков


Білікті басшы

          Ахметбеков Берик Ахметбекович 1978 жылы қазан айының 27-сі күні Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылында туылған. Ұлты – қазақ.  Білімі – жоғары, мамандығы тарих және география пәні мұғалімі. География пәні бойынша педагог-зерттеуші біліктілік санаты бар. Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №169 бұйрығымен №48 жалпы білім беретін мектебінің директоры болып тағайындалды.

1997 жылы Жамбыл политехникалық колледжін «Наубайхана, макарон және тәтті тағам өнеркәсібінің технологиясы» мамандығы бойынша үздік дипломмен, 2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Тарих және география» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 

2000 жылдың бірінші қыркүйегінен №34 орта мектебінде еңбек жолын тарих пәні мұғалімі болып бастаған. 2003 жылдың бірінші қазанынан бастап №48 орта  мектебіне тарих және  география пәні мұғалімі болып келеді. 2013 жылдың қазан айынан 2017 жылдың ақпан айы аралығында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 2018 жылы ақпан айынан мектеп директордың  ғылыми ісі жөніндегі  орынбасары   қызметіне тағайындалды.

География пәні мұғалімі ретінде аудандық география пәні мұғалімдерінің шығармашылық топ мүшесі, аудандық оқушылардың пәндік олимпиадасының комиссия мүшесі, республикалық жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқулықтарды сараптау комиссиясының мүшесі болып табылады.

2013 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Құрмет Грамотасымен марапатталған. 2022 жылы мамыр айында Бейнеу елді мекенінде орналасқан 99116 әскери бөлімінің Алғыс хатымен, 2022 жылы маусым айында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының Алғыс хатымен марапатталды. 2023 жылы 10 наурызда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты ұйымдастырған «Жаңа технологиялар дәуіріндегі мектеп білімін трансформациялау» атты Best Practice қатысып, белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2023 жылдың сәуір айында білім беру басшылары арасында ұйымдастырылған І облыстық «DIRECTORS CUP» дебат турнирінің аудандық кезеңінде жүлделі ІІ орын иеленсе, облыстық кезеңінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. 

Пән мұғалімі ретінде жетістіктері:

         14.12.2015 жылы «Сындарлы оқыту тәсілдері – бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру негізі» атты облыстық семинар-практикумда «Арал теңізі» тақырыбында ашық сабақ өткізгені үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалының Алғыс хатын иеленді. 

       30.03.2016 жылы «Жаңартылған білім жағдайында инновациялық процестерді үйлестіру, білім беру мен ғылыми-практикалық әрекетті интеграциялау» тақырыбындағы облыстық шеберлік сыныбында «Бірнеше отын базасын сипаттау және салыстыру» тақырыбында шеберлік сынып өткізіп, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің сертификатын иеленді.

         2019 жылдың ақпан айында география пәнінен республикалық "ПЕДСТАРТ" қашықтық олимпиадасының ІІІ дәрежелі жүлдегері болды.

   2019 жылдың қазан айы география пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық  олимпиадасында І дәрежелі дипломмен марапатталды.

        2019 жылдың желтоқсан айында білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Тарих және география пәндерін оқытуда қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың тиімді жолдары» облыстық онлайн-байқауына қатысып,   ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

   2020 жылдың қаңтар айында география пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық  олимпиадасына қатысып, І дәрежелі диплом иегері атанды. 

 2021 жылы ақпан айының 18-і күні география пәні мұғалімдеріне арналған облыстық онлайн шеберлік сыныбында өз іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің Алғыс хатын иеленді. 

  2023 жылы сәуір айының 20-сы күні өткен «География пәнін оқытуда оқушылардың сауаттылығын арттырудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы облыстық семинар-практикумда өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің №400-23 Сертификатын иеленді.


Оқушыларының жетістігі:

       2018 жылдың қазан айында "Ақ бота" интеллектуалдық марафонында 6 сынып оқушылары Абад Алина, Алауатдин Нурсултан жүлделі ІІ орын иегерлері атанды.

     2019 жылдың желтоқсан айында мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының ІІ (аудандық) кезеңінде география пәнінен 11 «А» сынып оқушысы Мұхтар Айсауле ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

       Алғашқы күннен бастап, Ахметбеков Берик Ахметбекович  берілген тапсырмаларды дер кезінде орындап, өз ісіне жауапкершілігін, ұқыптылығын танытты. Жұмыс барысында өзін  тек   жоғары  деңгейде көрсетті. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Мемлекеттік тілді және ресми тілді жетік меңгерген  сауатты маман.

Жігерлі, өтімді сөзімен көпті ұйыта білетін, тың ойларымен ой-санаға серпіліс әкеліп, талай игілікті  істің   ұйытқысына айналған ол ұжымда құрметке ие, мінезі жағынан тіл табысқыш, ұқыпты, адамгершілігі жоғары. Өмірде қарапайым, моральдық жағынан ұстамды.

Қызметтік міндеттерін адал орындайды, табандылық пен бастамашылық байқатады. Алдында тұрған міндеттерді шешуге басшылық және педагогикалық құрам күшін шебер бағыттайды. 

Осы мектептің өмірімен бірге тыныстап, оның талапқа сай жабдықталуына, гүлденуіне өз үлесін қосып, жоғары деңгейге жеткізуге күш салып келуде.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив