20
декабрь
2021
«Ертегі кейіпкерлеріне қонаққа бару» сыныптан тыс іс-шара
2021жылдың 20 желтоқсан күні №48 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып әдістемелік пән бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес сынып жетекшілер Г.Нуржигитова, Г.Турсыналиева және Г.Айтжанова 1«А», 1«Б», 1«В» сынып оқушылары арасында «Ертегі кейіпкерлеріне қонаққа бару» тақырыбында ертегіге негізделген викториналық сұрақтар бойынша сыныптан тыс іс-шара өткізді. Мақсаты: оқушыларды жан-жақты сауатты, дарынды, озат болуға, еркін сөйлей білуге үйрету. Ой-өрісін, сөздік қорын, тілін, қиялын дамыту. Оқу, білімге, өнерге қызығушылықтарын арттыру. Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Білім алушылардың тілін, қиялын, сөздік қорын, балалардың логикалық қабілетін, танымын дамыту үшін «Сиқырлы сөз», « Кімнің заты?» ойындары арқылы викториналық тапсырмалар берілді. Балалардың зейінін, ақыл – ойын, белсенділігін арттыру, тез ойлауға негізделген «Тапқыр болсаң, тауып көр», «Кім жылдам?» ойындарына барлығы қызығушылықпен қатысты. Әр топтағы балаларға тапсырмаларды орындауда белсенділік танытқаны үшін сыйлықтар беріп, арнайы грамоталармен марапатталды.