Аттестаттаудан өтетін педагогтермен жиналыс » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » » Аттестаттаудан өтетін педагогтермен жиналыс
14
октябрь
2022

Аттестаттаудан өтетін педагогтермен жиналыс

№48 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың 14 қазан күні қазан-желтоқсан айларында аттестаттаудан  өтетін педагогтермен жиналыс өтті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе аттестаттаудан өтетін педагогтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 12.11.2021 жылғы №561 бұйрығымен бекітілген «Педагогтерді аттестациялаудан өткізу қағидалары мен шарттары»  ережесімен таныстыру болды. Педагогтерді директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары К.Айдарбекова  алғашқы мәселе бойынша өз сөзінде  педагогтерді аттестаттау «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бес жылда бір рет өткізілетінін, біліктілік тестілеуін тапсыру үшін педагог дипломда көрсетілген мамандығы немесе негізгі лауазымы бойынша өтініш беретінін, біліктілік тестілеуін өткізу кезінде тыйым салынған зат немесе ереже бұзушылық анықталған жағдайда педагогке бес жыл мерзімге аттестаттаудан өтуге рұқсат берілмейтінін, педагогтің біліктілік санаты «педагог» біліктілік санатына дейін төмендетілетінін айтты.   Тест аяқталған соң бақылаушыға тестілеу нәтижелері бар электрондық сертификаттарды және эсселердің болуын тексеру үшін қолжетімділік береді және педагог тестілеу залынан шыққаннан кейін берілген апелляцияға өтініштер қабылданбайды деп баяндай отырып, апелляция тест тапсырмаларының мазмұны бойынша; дұрыс жауаптың негіздемесімен келіспеген жағдайда; дұрыс жауап жоқ; барлық ұсынылған нұсқалардан бір дұрыс жауапты таңдаумен тест тапсырмаларында біреуден артық дұрыс жауап бар (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі) болған жағдайда; тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған жағдайда немесе техникалық себептер бойынша: тест тапсырмаларында фрагменттің немесе мәтіннің болмауы жағдайында қаралатынын айтты. Маман сонымен қатар тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция берген кезде педагог дәлелді негіздемені (толық түсіндірме) көрсетуі қажет екенін, педагог аттестаттау кезеңінде біліктілік санаттарын алуға (растауға) кезекті аттестаттау үшін өтінішті уақытылы бермеген жағдайда, біліктілік санаты «педагог» біліктілік санатына дейін төмендетілетінін, «екінші», «бірінші», «жоғары» санаттары бар педагог аттестаттау кезеңінде өтініш берілген санатқа балдар саны жеткіліксіз болған жағдайда, біліктілік санаты оның мерзімі өткенге дейін сақталатынын, бұдан әрі – «педагог» санатына дейін төмендетілетінін, тестілеу аяқталған соң педагог эссе жазатынын, эссе жазуға 30 минут уақыт берілетін, эсседе қолданылатын сөз саны–250-300 сөз болатынын, жыл сайын эссе тақырыбын білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтайтынын, жазылған эссе педагогтің жеке кабинетінде ngt.testcenter.kz сілтемесі бойынша көрсетілетінін, жазылған эссе педагогтің жеке кабинетіне жолданатынын да айтып, түсіндіріп өтті. 
Екінші мәселені қарастыру барысында маман 2022 жылдың қазан-желтоқсан айларында кезекті және мерзімінен бұрын аттестациядан өтетін педагогтердің біліктілік арттыру курстарынан  өту сертификаттарын қарап шығып, педагогтердің кәсіби жетістіктері мен ғылыми-әдістемелік басылымдарда өз іс-тәжірибесімен бөлісу жұмыс бағыты қаралып, жүйеленді. Жұмыс барысында білім алушылардың аудандық, облыстық, республикалық жетістіктері педагогтің тапсыратын біліктілік санатына сай болуы баса назарға алынды. Педагогтерге тесттен өтіп келген соң 10 минуттан кем емес  бейнесабақ түсіру керектігін және үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жүйелеп қоюға тапсырма берілді.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив