19
сентябрь
2023
Бос лауазымдарға конкурс
2023 жылдың 19 қыркүйек күні №48 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» 3-тарау 1-параграфының 135 тармағына сәйкес бос және уақытша бос лауазымдарға конкурс өткізілді. Аталған бұйрықтың 154 тармағына сәйкес уақытша бос әлеуметтік педагог лауазымына Сейітқазиева Назерке Асанбайқызы 12 қыркүйек күні құжат тапсырған болатын. Конкурстық комиссия төрайымы мен мүшелері үміткердің құжатын Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес Бағалау парағында көрсетілген баллдарды есептеуді жүзеге асырды, нәтижесінде уақытша бос әлеуметтік педагог лауазымына үміткер Сейітқазиева Назерке Асанбайқызының 18,5 балл алғаны анықталды. Конкурстық комиссия отырысының шешіміне сәйкес Сейітқазиева Назерке Асанбайқызы уақытша бос әлеуметтік педагог лауазымына 2024 жылдың 01 қыркүйегіне дейін тағайындауға мектеп директоры Б.Ахметбековке ұсыныс берілді.