«Жанашырлыққа - жан риза»
«Жанашырлыққа - жан риза» дегендей,адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – қамқорлық жасау. Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру, олардың қоғам өміріне белсене араласуына, дара қасиеттерін ашуға зор мүмкіндік береді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның- азаматтық парызы. Жаңа жыл барлық балалар үшін ең керемет, ең сүйікті мереке.