29
декабрь
2021
«Жанашырлыққа - жан риза»
«Жанашырлыққа - жан риза» дегендей,адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – қамқорлық жасау. Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру, олардың қоғам өміріне белсене араласуына, дара қасиеттерін ашуға зор мүмкіндік береді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның- азаматтық парызы.
Жаңа жыл барлық балалар үшін ең керемет, ең сүйікті мереке. Жаңа жылды әр-бір бала асыға күтеді, оны қуаныш, көптеген сыйлықтар түрінде елестетеді. Жаңа жыл қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік көңіл- күй сыйлау мақсатында 2021 жылдың 27 желтоқсан күні №48 жалпы орта білім беретін мектебінің денсаулығына байланысты үйде оқытылатын балаларға сабақ беретін пән мұғалімдерінің демеушілігімен жаңа жылдық сыйлықтар берілді.
Адамға еткен жақсылық,
Арнап берген нармен тең, - демекші балаларға қуаныш сыйлаған құрметті ұстаздарға алғысымыз шексіз!