. Білім беру ұйымдарындағы тамақтану сапасын мерзімді бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді.
.
"Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 наурыздағы № 16 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 5 наурызда № 35778 болып тіркелді
Білім беру ұйымдарындағы тамақтану сапасын мерзімді бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді. Бракераж комиссиясы тағамның сапасына, өнімдердің дұрыс салынуына және дайын тағамдардың шығымына, олардың температурасына, рецептураға сәйкестігіне (тағамның құрамдас бөліктерінің болуы), "дейін тұтыну" күнімен көрсетілетін жарамдылық мерзіміне іріктеп бағалау жүргізеді, тәуліктік сынамалардың іріктелуіне және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді, тілектер мен пікірлер журналындағы жазбаларды зерделейді, айына бір реттен сиретпей жеуге жарамсыздық индексіне талдау жүргізеді.
Бракераждық комиссияның құрамы мен ережесі әкімшілікті, медицина қызметкерін, өндіріс меңгерушісін, ата-аналар комитетін міндетті түрде қоса отырып білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен айқындалады. Бракераж комиссиясының жұмысын білім беру ұйымының басшысы үйлестіреді.