Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссияның мониторингісі » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » » Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссияның мониторингісі
10
ноябрь
2023

Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссияның мониторингісі

Мектеп асханасына тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссияның мониторинг жүргізу барысында анықтаған кемшіліктердің жойылғаны туралы 

Анықтама

Ойтал ауылы                                                                                                                             10 қараша 2023 жыл

           «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары мен «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленушіні және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі №95 бұйрығы мен "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығының талаптарына сәйкес  2023 жылдың 8 қарашасында   тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия (әрі қарай - комиссия) құрамы мектеп асханасының санитарлық талаптарға сәйкес қызмет ету жұмысын тексерді.


Тексеріс кезеңінде мектеп асханасында аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына сәйкес мектеп асханасында бастауыш 1-4 сыныптар аралығында білім алатын 351 білім алушы мен жекелеген санатта 5-11 сыныптар аралығында оқитын  29, жалпы саны 380 (үш жүз сексен) білім алушы бір мезгіл тегін тамақпен қамтылды.

Тексеріс барысында комиссия тарапынан 70 орындық асхананың санитарлық талапқа сай қызмет жасап отырғаны, тағамдар бүгінгі бекітілген ас мәзіріне сәйкес дайындалғаны, тамақтану бөлмесінде қол жуатын орындарда қол сүртетін қағаз кептіргіштердің пайдаланылатыны, білім алушылар тамақтанар кезде қолдарын жуып, жеке  гигиеналық талаптарды сақтайтыны, асханада тыйым салынған  тағамдар мен өнімдер дайындалмайтыны, сатылмайтыны, сусымалы тағамдар арнайы ыдыстарда (контейнер) сақталатыны, жеткізілген тағам өнімдерінің пайдалану мерзіміне сәйкестігі,  сонымен қатар сақтау қоймасында жеткізілген тағам өнімдерінің ыдыстарының сыртында өнім атаулары жазылған маркировкалардың жазылмағаны, қоймада артық орындықтардың болуы анықталған.  

Аталған кемшіліктер ұсынымда көрсетілген 5 жұмыс күніне қарамастан шұғыл түрде 

мектептің шаруашылық меңгерушісі Е.Бейсеналиев пен аспазшы Б.Алимбекова тарапынан жойылып, сақтау қоймасында жеткізілген тағам өнімдерінің ыдыстарының сыртына өнім атауларының маркировкалары жазылып, артық орындықтар қойма бөлмесінен шығарылды.

Анықтаманы дайындаған: жауапты маман М.Маделиев       

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив