Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жекелеген санаттағы тәрбиеленушілерге тегін тамақтандыруды ұйымдастыру
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жекелеген санаттағы тәрбиеленушілерге тегін тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесі бойынша ұйымдастырылған аудандық семинардың өткені туралы
Анықтама
Ойтал ауылы 04.01.2025 жыл
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің аудандық білім беру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жекелеген санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тегін тамақпен қамту жұмысы бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың 3 қаңтарында Меркі ауылында орналасқан Құрманбек Жандарбеков атындағы өнер мектебінің акт залында Меркі ауданының білім бөлімінің әдіскері Беркімбаева Бану Жеңісқызының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиеленушілерді ыстық тамақпен қамту жұмысының сапасын арттыру» тақырыбында ауданда орналасқан мектепке дейінгі білім беру ұйымдары- бала-бақша меңгерушілері мен әдіскерлері және медициналық қызметкерлерінің қатысуымен аудандық семинар өтті.
Семинардың мақсаты-мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиеленушілерді ыстық тамақпен қамту жұмысының сапасын арттыру мақсатында мамандар тарапынан мекемелерде тамақтандыруды ұйымдастыру жұмысына жауапты мамандарға жұмыстың түрін, ауқымын, тәсілін түсіндіру болды.
Семинарды алғы сөзбен аудандық білім бөлімінің әдіскері Б.Беркімбаева ашып беріп қатысушыларды іс-шараға өз кеңестері және іс-тәжірибелерімен бөлісуге арнайы шақырылған қонақтармен, Жамбыл облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Меркі аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының (әрі қарай- СЭББ) бас маманы Адилбекова Шынар Адилбековна, Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп-гимназиясы (ресурстық орталық) директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Айтбаева Айнур Кумисбековна және №48 жалпы орта білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогі Маделиев Мухан Мырзабаевичпен таныстырып өтті.
Іс-шарада алғашқы болып сөз алған аудандық аудандық СЭББ бас маманы Ш.Адилбекова қатысушыларды тамақтану мәселесі бойынша соңғы кездері республикалық өңірлерде орналасқан білім беру мекемелерінде тамақтанудан улану сияқты келеңсіз жағдайлардың әсерінен аталған жұмыс бағытына талаптар тиісті бақылау мекемелері тарапынан күшейгенін айта келе, маман қатысушыларды асханалардың санитарлық талаптарды сақтауда қолданысқа ие Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы №ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану обьектілеріне қойылатын санитарлық- эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларының талаптарымен,оның ішінде тамақ өнімдерін сақтау Ережесі, қоғамдық тамақтану обьектілеріне тамақ өнімдерін өндіру жағдайларына, тамақтану обьектілерінің үй-жайларын, ғимараты мен жабдықтарын күтіп ұстауға және пайдалануға, аспазшыларға қойылатын талаптармен, сондай-ақ білім беру обьектілерінде дайындауға, қолдануға тыйым салынған тағамдар мен өнімдер тізбесімен таныстыра келе мекеме басшылары мен жауапты мамандарына бала-бақша асханасында санитарлық талап барлық кезеңде қатаң сақталу керектігін айтты.
Келесі болып сөз алған әлеуметтік педагог М.Маделиев қатысушыларға "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 10 қарашадағы № 993 қаулысына, онда бекітіліп, қабылданған нысандарға сай жекелеген санаттағы тәрбиеленушілерді анықтау, олардың ата-аналарынан өтінішті қабылдау, тіркеу журналын жүргізу және алқалық орган отырысының хаттамасын тиісті дәрежеде рәсімдеу бойынша баяндама оқып, құжат түрлерін дайындаған слайдымен көрсетіп, таныстырып шықты. Маман баяндама барысында қатысушыларға аталған қаржылай көмек алуға үміткер санаттар тізімін атай келе, санаттарды анықтауда ең күрделі санаттар: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар мен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын балалар мен тәрбиеленушілер санатына кеңінен тоқталып, түсіндіріп өтті.
Тамақтанудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия жұмысы (әрі қарай-комиссия) бойынша сөз алған директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары А.Айтбаева қатысушыларды аталған комиссияның құрылымы, жұмыс бағыты мен мақсаты бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығына кеңінен тақталып өтіп, дайындаған слайдын көрсете отырып комиссияның балалар мен тәрбиеленушілерді тегін тамақтандыру жұмысында атқарылатын орасаң зор жұмыс бағытына, маңызына, ондағы әр камиссия мүшесінің финкционалдық міндеттеріне, комиссияның өзінің жұмыс атқарудағы құқығы мен міндеттеріне, мониторинг жүргізу жұмысына, отырысында қаралып-талқыланатын мәселелерін де баяндап өтті. Маман қатысушыларды сондай-ақ әр мекеменің «Тамақтану айдары» сайтына салынатын материалдар жинағымен де таныстырып өтіп, комиссия тексерінде негізі асхана тазалығына, аспазшылардың киімі мен келбетіне, қоймада сақталатын тауардың сапасына, көршілестігіне аса мән берілетінін айтып, ескертті.
Іс-шара соңында қатысушы тарап бала-бақша асханасының санитарлық талаптарға сай қызмет ету мен тәрбиеленушілердің асханада тамақтануы барысында туындайтын мәселелерді шешу жолдарын және бірыңғай ас мәзірін (меню) бекіту мәселесін қарастырып, талқылады.
Дайындаған: әлеуметтік педагог М.Маделиев