«Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру»
№48 жалпы орта білім беретін мектебінде «Дұрыс тамақтануды
насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбыңда онкүндіктің салтанатты ашылуы туралы
Анықтама
Ойтал ауылы 16.09.2025 жыл
Меркі ауданының білім бөлімінің салауатты өмір салтын насихаттау және тамақтандыру жұмысының сапасын арттыру мақсатында «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбыңда 2025 жылдың 15-26 қыркүйек аралығында онкүндік өткізу туралы жолданған 2025 жылғы 5 қырқүйектегі №156 хатына сәйкес 2025 жылдың 15 қыркүйегінде №48 жалпы орта білім беретін мектебінің акт залында мектеп әкімшілігі мен балалардың тегін тамақтану бағытына жауапты мамандардың қатысуымен аталған онкүндік салтанатты түрде ашылды.
Жолданған хат негізінде 2025 жылдың 12 қыркүйегінде мектеп директоры тиісті бұйрық қабылдап, мектептің әлеуметтік қызметкерлері тарапынан аталған онкүндікте атқарылатын іс-шара жұмыс жоспары құрылды.
Аталған іс-шараға мектеп директоры Б.Ахметбеков, аталған бағыт жұмысы жауапты маман, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Асилбекова, мектептің әлеуметтік қызмет мамандары М.Маделиев пен М.Салахова, мектептің медициналық қызмет мамандары Х.Бабатова мен К.Джазбакова және 4 сынып білім алушылар сынып жетекшілерімен қатысты.
Іс-шара мектеп директоры Ахметбеков Берик Ахметбековичтің алғы сөзімен басталып, онда мектеп басшысы іс-шараға қатысушыларға дұрыс және тиімді тамақтану, оның адам ағзасына пайдасы туралы айта келе білім алушыларды зиянда тағамдарды пайдаланбауға, керісінше дұрыс, табиғи тағамдармен тамақтануға шақырды.
Келесі болып мектептің медициналық қызметкері К.Джазбакова білім алушыларға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дұрыс және тиімді тамақтану бойынша ұсынысын, минералдар мен дәрумендердің ағзаға пайдасы туралы айтып өтті.
Мектептің әлеуметтік қызмет мамандары М.Маделиев пен М.Салахова қатысушыларға дұрыс тамақтану, пайдалы және зиянды тағамдар туралы өздері дайындаған видеороликтерін көрсетіп, білім алушылардан тақырып бойынша өз ой-пікірлерін сұрады.
Әлеуметтік педагог М.Маделиев қатысушыларға Дұрыс тамақтану пирамидасы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы дайындаған күнделікті тиімді тамақтану пирамидасында жазылған сүт өнімдерінің, , майлармен тәтті тағамдардың, етпен бұршақ тұқымдас өнімдердің, дән өнімдердің, жемістер және қөқіністердің бір күндік нормаларын айтып, түсіндірді.
Барлық жоспарланған іс-шаралар жауапты мамандар тарапынан алдағы он күн арасында ұйымдастырылып өткізілетін болады.