Ата - аналар жиналысы
Ата - аналар жиналысы
2021 жылдың 31 наурыз күні №48 жалпы орта білім беретін мектебінде ZOOM платформасы арқылы мектеп директоры Б.Ахметбеков онлайн түрінде ата – аналар жиналысын өткізді. Қатысқан ата – ана саны – 312 ата – ана. Күн тәртібінде: 1.Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2021 жылғы 25 наурыздағы №12 Қаулысымен ата – аналарды таныстыру. 2. 2020 – 2021 оқу жылындағы ІV тоқсанында мектептегі оқу процессі аралас форматына көшу. Мектеп директоры Б.Ахметбеков өз сөзінде: мектеп ұстаздары және мектеп ата – аналарына Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2021 жылғы 25 наурыздағы №12 Қаулысымен ZOOM платформасы арқылы таныстырды. Сонымен қатар 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында:
– республиканың барлық өңірлерінде: контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға;
- білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс
уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға;
– тәуекелі төмен және орташа аймақтарда (жасыл және сары аймақтар) орналасқан өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;
– тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде:
жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныптан бастап 5 сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан бастап 7 сыныпты қоса алғанда, мектеп алды сыныптарының оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;
оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етуді айтып өтті. Сонымен қатар Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2021 жылғы 10 наурыздағы «Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы бойынша №21-5 (4-Т) хаттамалық тапсырмасын жұмыс бабында пайдалану мақсатында түсіндірме жұмысын жүргізді. 1-ші сәуірден бастап дәстүрлі түрде оқуға көшетін болғандықтан, барша адамзаттың өмірі мен денсаулығына қатер төніп тұрған уақытта сақтық шараларын сақтауға қойылған талаптарға сай маскалық режим мен арақашықтықты қатаң сақтау керектігіне тоқтады. Сонымен қатар оқушылардың да санитарлық талапқа сай қолдарын жиі антисептикпен жуып, маска тағу режимін қатаң ұстануда өзара арақашықтықты сақтауда мұқият болу керектігін ескертті.
2. 2020 – 2021 оқу жылындағы ІV тоқсанында мектептегі оқу процессі аралас форматына көшу барысы туралы директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Асилбекова сынып жетекшілер мен ата – аналарға эпидимиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Жамбыл облысы жасыл аймақта орналасқан, осыны ескере отырып, Қаулының 3 – тармағының 1 – тармақшасына сәйкес: 2020 – 2021 оқу ІV тоқсанында мектептегі оқу процессі аралас форматына көшу және вирустық аурулардан сақтану туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.