24
январь
2022
«Сыйлыққа кітап», «Буккроссинг - бірге оқимыз» атты акциясы
2021-2022 оқу жылының 24 қаңтар күні №48 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында «Оқуға кұштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханашылары «Сыйлыққа кітап», «Буккроссинг - бірге оқимыз» атты акциясы жалғасты.
Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б.) қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады. Бұл қоғамдық қозғалысқа қатысушыларды − “буккроссерлер” деп атайды.
«Буккроссингтің» басты мақсаты ол − үйімізде шаң тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау»; оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу; әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру; кітапханаға оқырмандарды тарту; күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу; әлемді үлкен кітапханаға айналдыру;
«Сыйлыққа кітап», Буккроссинг бірге оқимыз атты ақцияға мектебіміздің бастауыш білім алушылары осы іс шараға қатысып, өзара кітап алмасып,белсенділік танытты.