03
февраль
2022
«Өзін - өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігіне орай Сара Алпысқызына арналған кітап көрмесі
2021-2022 оқу жылы 3 ақпан күні №48 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханашылары Садыкова Г.А., Косымбетова М.К. «Өзін - өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігіне орай Сара Алпысқызына арналған кітап көрмесін ұйымдастырып, дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты: С.А. Назарбаеваның жасаған еңбегін, өзін - өзі тану пәнінің қалай шыққаны туралы балаларға кеңінен түсінік беру, оқушылардың ойлауын, қиялын, қызығушылығын дамыту, оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу. Оқушыларға бақытты өмір сүрудің мәнін түсіндіру арқылы жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу, ізгілікке, сүйіспешілікке, татулыққа тәрбиелеу.
Оқушыларға 12 ақпан Сара Алпысқызы Назарбаеваның туылған күнінің біз үшін өте ерекше екендігін айтып түсіндіру. С.А.Назарбаеваның өміріне тоқталып, жаңа мәліметтер беру. Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмірбаянымен, қызметімен таныстыру. Оқушылардың сөздік қорларын,ойлау қабілеттерін дамыту. Сыйластыққа, үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.