«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі
2022 жылғы 1 ақпан күні №48 жалпы орта білім беретін мектебінде «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің ашылуын жалпы мектептік салтанатты саптық жиында өткізілді.
Онкүндіктің ұйымдастырылу мақсаты: білім алушылардың «сүйіспеншілік» жалпыадамзаттық құндылығы туралы түсініктерін «қоғамға қызмет етудің» мәні мен мағынасын ашу арқылы кеңейту.
Салтанатты жиынға 1-4 қазақ –орыс сынып оқушылары мен 9-11 қазақ-орыс сынып оқушылары, ДОТІЖО Асилбекова А кітапханашы Садыкова г және өзін өзі тану пәні мұғалімдері қатысты. Барлық санитарлық талаптар сақталынды. Онкүндік барысында пән мұғалімдері «Балаға жүрек жылуы» атты сынып сағатын өткізді. Мақсаты: балалардың бойында адамгершілік, қайырымдылық, сүйіспеншілік, ізгілік, инабаттылық, ақылдылық, әдептілік қасиеттерін ояту. Сонымен қатар мектеп кітапханашылары Сара Алпысқызына арналған кітап көрмесін ұйымдастырып, дөңгелек үстел өткізді. Мектебіміздің “Жас ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымы және жауапты тәлімгер Ж. Молдашова “ Қайырымдылық жер бетінде!” тақырыбында 9 сынып оқушыларымен флешмоб ұйымдастырып өткізді. «Мейірімді үш дос», «Ана махаббаты», «Мейірімді етікші» атты сахналық көріністер қойылды. 5 сынып оқушыларымен пән мұғалімі Нуржигитова Г.Н., 6-10 сынып оқушыларымен пән мұғалімі Есенбаева М.А. «Алтын жүрек анамыз» мәнерлеп оқу байқауын онлайн өткізді. Мақсаты: Балалардың «Мейірімділік», «Анаға құрмет» туралы түсініктерін кеңейту; Жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру. Көркемсөз шеберліктерін, «Еланасы» жайлы кең мағлұмат бере отырып ой өрістерін дамыту; ізгілікке тәрбиелеу іскерліктерін дамыту. Мейірімділікке, адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа жол көрсету.
Байқау барысында дүниедегі жақсылық атауының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғынды. Нәтижесінде: 1 орын - 10 сынып Асиратдинова Л., 5 сынып Бекпулотова Асел, 2 орын - 7 сынып Махаева А. 5 сынып Қарасай Мұрат, Биймбет Әсел, 9 сынып Юлдашева Т., 3 орын - 7 сынып Серікқызы Д, 9 сынып Еренсіз А.,5 сынып Гочаева Ұлдана, Дүйсен Балнұр жүлделі орындарға ие болды.