09
сентябрь
2022
«Бір уақытта кітап оқу» тақырыбында эссе
2022-2023 оқу жылы 9 қыркүйек №48 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында Қ.Р.Президенті Қ.К. Тоқаевтың "Оқуға құштар мектеп жобасы аясындағы" бағдарламасы әліде жалғасын табуда. Мектеп кітапханашылары Г.Садыкова мен М.Косымбетова оқушылардың кітапханаға келіп, кітап оқып, ой өрістерін дамыту мақсатында «Бір уақытта кітап оқу» тақырыбында 4 сынып оқушылары эссе жазды.
Оқушылардың эссе жазуларына көптен көп көмек беретін ол кітап. Кітапты түсініп оқыған балаға эссе жазу да оңайға соқпақ, мектебіміздің оқушылары кітапханаға келіп кітап оқығанды жақсы көреді. Сонымен қатар кітапханамызда жас буын оқырмандарымызға ертегілер, әңгімелер өте көптеп табылады. Білім алушылар кітап оқыса сөздік қорлары дами түсетінін, ауызекі сөйлесу барысында өз ойын көркем әрі нақты жеткізе алатынын түсінді.