13
декабрь
2022
«Тәуелсіз Қазақстан біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз!» атты кітап көрмесі
13.12.2022 жылы №48 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханашылары Г.Садыкова мен М.Косымбетова 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күніне орай мектеп кітапханасында «Тәуелсіз Қазақстан біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз!» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрмені ұйымдастырудағы мақсат – Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау.
Кітап көрмесі еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы қаламгерлердің жазған еңбектері мен тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларымен қамтылды.
Кітапхана қызметкерлері мереке қарсаңында Мәңгілік елдің жалынды жастарына тәуелсіздік ұғымын кеңінен түсіндіріп, насихаттады.