Нұрсұлтан Назарбаев. Ұлы даланың жеті қыры. » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » Нұрсұлтан Назарбаев. Ұлы даланың жеті қыры.
22
ноябрь
2018

Нұрсұлтан Назарбаев. Ұлы даланың жеті қыры.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы

Елбасы Нұрсұлтан Наразбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласына орай №48 ЖББ мектебінде аталған мақаланы насихаттау мақсатында жиын өткізілді.

Р.А.Нуралбеков - №48 ЖББМ директоры өз сөзінде:

-Кеңістік - барлық нәрсенің, ал уақыт - бүкіл оқиғаның өлшемі.

-Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл - жай ғана әдемі афоризм емес. Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды. Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл - орынды мақтаныш. Сол сияқты, ежелгі готтар мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да Германияның мол тарихи мұрасының бір бөлшегі. Полиэтникалық бай мәдениеті бар ежелгі Үндістан мен бүгінгі үнді халқын тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан бірегей өркениет ретінде қарастыруға болады. Бұл - тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады. Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті. Біріншіден, қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр. Екіншіден, біз айтқалы отырған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды. Үшіншіден, кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

 

Осы мақала бойынша тарих пәнінің мұғалімі А.Күдербаева сөз алды:

- Біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз. Сонымен, Ұлы даланың жеті қырына тоқталайық.

І. Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт

1. Атқа міну мәдениеті

2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия

3. Аң стилі

4. Алтын адам

5. Түркі әлемінің бесігі

6. Ұлы Жібек жолы

7. Қазақстан - алма мен қызғалдақтың отаны

ІІ. Тарихи сананы жаңғырту

1. «Архив - 2025» жеті жылдық бағдарламасы

2. Ұлы даланың ұлы есімдері

3. Түркі әлемінің генезисі

4. Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі

5. Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы

6. Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі

«Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев. Ұлы даланың жеті қыры.

 

Нұрсұлтан Назарбаев. Ұлы даланың жеті қыры.

 

 

 


 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив