15
ноябрь
2023
«Ұланымыз Ұлы Елдің!» атты «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны
2023 жылдың 15 қараша күні Оқушылар «Үміт» сарайында аудандық «Ұланымыз Ұлы Елдің!» атты «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті. Жиынға №48 жалпы орта білім беретін мектебінің ұйымға қабылданатын белсенді 5 сынып білім алушылары Қуатқызы Кәусар мен Асылмұратұлы Диар, мектеп ұланбасы Үмбетжан Балнұр мен мектеп тәлімгері Ж.Молдашова қатысты.
Мақсаты: Ел болашағы, жас буын өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, жасөспірімдердің қоғам өмірінде белсенділігін арттыру, балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының өкілдері арасыда ынтымақтастықты ұйымдастыруға көмек беру болып табылады.