09
декабрь
2021
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны
2021 жылдың 9 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында №48 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.
Қабылданатын оқушылар «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына өтудің жауапкершілігінің мол екенін сезіне білді. Оның қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын үздікке оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат болуына міндеттейтінін сезінді. «Жас Қыран» ұйымына мектебіміздің 2,3 сынып білім алушылары, ал «Жас Ұлан» ұйымына 5 сынып білім алушылары салтанатты түрде қабылданды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының гимнімен ашылды.
Онда мектеп ұстаздары қатысты. Әр сынып топ басшылары рапорт тапсырды. Ұйымға қабылданушы оқушылар «Өз Отаны – Қазақстанның патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін, бұлжытпай, сақтап отырып, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді. Мектеп әкімшілігі мен мектебіміздің ұлағатты ұстаздары «Қазақстаным - Отаным» әнінің ырғағында жас қабылданушыларға галстуктарын тақты.
Мектеп директоры Б.Ахметбеков пен директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Асилбекова құттықтау сөзін сөйлеп Жас Ұлан, «Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушыларды құттықтап, тілегін айтты.
Салтанатты жиынның жабылу рәсімі «Жас Ұланның» әнұранымен аяқталды.