01
октябрь
2021
«Ардагерлерді ардақтайық»
«Ардагерлерді ардақтайық»
№48 жалпы орта білім беретін мектебінің 2021-2022 оқу жылындағы 01 қазан Қарттар күніне орай «Ардагерлерді ардақтайық» тақырыбында «Жас Ұлан» балалар ұйымының мүшелері тәлімгер Ж.Молдашовамен бірлесе отырып Ойтал ауылының тұрғыны, 80 жастағы ардақты ана, аяулы әже Төребекова Жадыракүл апаны құттықтады. «Жас Ұлан» балалар ұйымы мүшелері жүрекжарды лебіздерін білдіріп, қарт анаға сый – құрметін көрсетіп, үй шаруасына көмектесті.
Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.