01
март
2022
«Алғыс айту» күні
2021-2022 оқу жылында 1 наурыз күні №48 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында мектеп кітапханашылары Г.Садыковамен М.Косымбетова «Алғыс айту» күніне бұрыш ұйымдастырып ақпараттық сағат өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру; үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту; әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт дәстүрін балалардың бойына дарыту. Балалардың өз халқына, ұлтына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, тіл мәдениетіне, ұлттық сана сезіміне әдептілік пен әсемділікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.