01
сентябрь
2021
1 қыркүйек «Кел, балалар, оқылық!» атты салтанатты жиыны
1 қыркүйек «Кел, балалар, оқылық!» атты салтанатты жиыны
2021 жылдың 1 қыркүйек күні сағат 09.00-де №48 жалпы білім беретін мектебінде «Кел, балалар, оқылық!» атты салтанатты жиынның ашылуы болды. Мектеп алаңы шарлармен және гүлдермен безендірілді. АӘД пәнінің мұғалімі Джамалов Айваздың бұйрығымен оқушылар сыныптар бойынша сапқа тұрғызылды. 1 сынып оқушылары алаңға шақырылып, салтанатты жиын ашық деп жарияланды. АӘД пәнінің мұғалімі Джамалов Айваздың бұйрығымен ҚР Мемлекеттік Туы енгізіліп, Мемлекеттік Гимн орындалды. Салтанатты жиынға шақырылған қонақтар: Меркі аудандық маслихат депутаты Хейроев Азис Яшаевич, аудандық білім бөлімінің әдіскері Қарабаева Айша Досалиевна.
Жаңа 2021 – 2022 оқу жылының басталуы туралы мектеп директорының бұйрығымен таныстыру директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Асилбековаға берілді. Сонымен қатар биылғы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі - А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппен» пәнінің қайтарылуы. Бірінші қыркүйек күні мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге салтанатты түрде «Әліппе» оқулықтарын мектеп директоры мен келген қонақтар салтанатты түрде табыстады.
Алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры – Ахметбеков Б.А. сөйледі. Ол сөзінде биылғы оқу жылында еліміз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, ағартушы – ұстаз Ы.Алтынсаринның 180 жылдығын атап өтеді. Көрнекі педагогтың мұралар мен өсиеттері бүгінгі күнге дейін құндылығын атап өтті. Меркі аудандық маслихат депутаты Хейроев Азис Яшаевич, аудандық білім бөлімінің әдіскері Қарабаева Айша Досалиевна оқушыларды 1 қыркүйек білім күнімен құттықтап, табыс тіледі.
Мектебіміздің 1- сынып оқушылары Қонысбай Рамазан «Оқуда озат боламын», Есбагамбет Венера «Әліппе», Серікбай Бағдаулет «Кел,балалар, оқылық!» әндерін шырқаса, 1 а,б,д,г,д сынып оқушылары әсем билерімен өз өнерлерін көрсетті.
Мектеп қабырғасында жаңа оқу жылының «Алғашқы қоңырауды соғу рәсімі» 11 «А» сынып оқушысы Еренсіз Айдын мен 1 «А» сынып оқушысы Сейхабай Айаруға берілді.
Соңынан « Кел, балалар, оқылық!» атты салтанатты жиынымыз жабық деп жарияланып, 1 сынып оқушыларын «Кел, балалар, оқылық!», «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында республикалық тәрбие сағаттарына шақырылды.