15
декабрь
2021
Жомарт түлектермен кездесу
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында №48 жалпы орта білім беретін мектебінде Жомарт түлектермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу елімізге белгілі түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір - жолын жас ұрпаққа үлгі ету, танымал Меркіліктерді туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешуге ат салысуға тарта отырып, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жолындағы өмір тәжірибелерімен бөлісу, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру мақсатын көздеді. Іс - шара барысында түлектерге арнап, ән шырқалып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл - күй сыйлады. Сонымен бірге Жомарт түлек аясында аудан көлемінде атқарылған жұмыстармен аталмыш жобаға атсалысқан белсенді азаматтарға "Алғыс хат" берілді. Соңынан кездесу қатысушылары естелікке суретке түсті.