06
декабрь
2021
Кездесу
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қаулысымен «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» мен мектептің әлеуметтік қызметінің білім алушылармен кәсіптік бағдар бағыты бойынша 2021-2022 оқу жылында атқарылатын жылдық жоспарына сәйкес 2021 жылдың 21 қазанында мектептің акт залында мектептің психологиялық және әлеуметтік қызмет мамандарының ұйымдастыруымен білім ошағының 9-11 сынып білім алушыларымен жеке кәсіпкер, «Адал» партиясы атынан Меркі аудандық мәслихаттың депутаты, «Атамекен» бизнес бастау орталығының 2019 жылғы түлегі Айтбаев Руслан Жолдыбайұлымен кездесу болды.
Іс –шараның мақсаты: білім алушыларға мамандық таңдауда дұрыс бағыт беру, жеке кәсіпкерлік жұмыс бағытын насихаттау.
Кездесуді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Етекбаев ашып беріп,тақырып төңірегіндегі мәселелер бойынша кіріспе сөзінде кездесуге қатысып отырған сыныптар арасында техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға үміткерлер тізімін қалыптастыру керектігін айта келе, аталған бағдарламаға қатысушыларға техникалық және кәсіптік білім беру, техникалық мамандықтарға оқыту екі деңгейлі моделінің моделдік бағдарламаларына сәйкес тегін берілетінін айтып өтті.
Кездесуге келген жеке кәсіпкер Р.Айтбаев өз мамандығы бойынша тоқтала кетіп, білім алушыларды болашақта ауыл шаруашылық маманы болуға, оның ішінде мал өсіру шаруашылығымен айналысуға шақырып, бүгінгі күнде аталған салаға Қазақстан Үкіметі техникалық және кәсіптік білім алуға, сол салада нақты жұмыстар атқаруда көп көңіл бөліп, көптеген жеңілдіктер жасап отырғанын айтты.