25
январь
2022
Мен таңдаған мамандық» тақырыбында дөңгелек үстел
2022 жылдың 25 қаңтар күні №48 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында «Қолжетімді және сапалы техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету» «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының» 14.01.2022 жылы №03-43 хатына сәйкес «Жастарды талап етілетін мамандықтар бойынша колледждерге тегін оқыту мен қамту (9-сынып бітірушілері)» міндетін орындау мақсатында 9 сынып білім алушыларымен және сынып жетекшілерінің қатысуымен «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді мектеп психологы А.Тағайбаева «Танысыңыз шетелдік» тақырыбында тренингпен бастады. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Асилбекова «Ұлттық жобаның» 4 міндетімен таныстыра отырып, 9 сынып білім алушыларына тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету үшін мамандықтар тізімімен таныстырды. Келесі 9 «Б» сынып жетекшісі Г.Омарова «Ең жақсы» ойыны деп аталатын білім алушылармен ойын ойнатты. Қазіргі заман талабына сай сұранысқа ие мамандықтармен таныстыра отырып, білім алушылармен сұхбат-әңгіме жүргізді. Оқушылар өз ойларымен бөлісті.
Білім алушылар дөңгелек үстел жұмысына белсенді қатысып, өз ризашылығын білдірді.
Білім алушылар дөңгелек үстел жұмысына белсенді қатысып, өз ризашылығын білдірді.