06
ноябрь
2022
«Дарындылар додасы" тақырыбында интеллектуалды сайысы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы 2022 жылғы 31 қазан – 6 қараша аралығында «Әрбір бала – дана бала!» атты күзгі каникул кезінде №48 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың 1 қараша күні «Дарындылар додасы" тақырыбында интеллектуалды сайысы өткізілді.
Мақсаты:Демалыс кезіндегі білім алушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру,оқушыларды оқығанын есте сақтай білуге, тиімді тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру,ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту, ұжымшылдық қаблеттерін дамыту,өз бетімен жұмыс жасай білуге баулу, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу,сыйластыққа және ұйымшылдыққа, алдарына қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу.
Сыныптар топтарға бөлінді. Интеллектуалды сайыс 4 кезеңнен тұрды.
1 кезең «Бәйге»
2кезең «Ғажайып үштік»
3 кезең «Ойлы болсаң,озып көр»
4 кезең «Жасырынған сурет»
Интеллектуалды сайыстың 4 кезеңінде де барлық топ, өте жақсы белсенділік танытты.
Сайыстың соңында жеңіске жеткен топтар марапатталды.
Балалар демалыс кезіндегі іс-шарадан жақсы әсер алды.