№48 жалпы орта білім беретін мектебінің психология педагогикалық қолдау қызметінің мәжіліс отырысы
№48 жалпы орта білім беретін мектебінің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мәжіліс отырысының өткені туралы анықтама
Ойтал ауылы 15.09.2023 жыл
2023-2024 оқу жылына арналған мектептің психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қызметінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 15 қыркүйегінде№48 жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханасында мектеп директоры Б.Ахметбековтың басшылығымен мектептің психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қызметінің тоқсандық отырысы өтті. Отырысты мектеп басшысы алғы сөзбен ашып беріп, мүшелеріне күн тәртібіндегі мәселемен таныстырды.Отырысқа мектептің медициналық, әлеуметтік және психологиялық қызмет мамандары, пән мұғалімдері, барлығы 19 адам қатысты.
Отырыста сөз алған мектептің ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс бағытына жауапты маман Г.Омарова Меркі ауданының ведомствоаралық ПМПК-ның 2023 жылы мамыр-қыркүйек айлары аралығында 2023-2024 оқу жылына берілген қорытындыларына сәйкес бүгінгі күні білім ошағында үйде 9 «а» сынып білім алушысы Абал Амина Ғабитқызы, 7 «д» сынып білім алушысы Елеусинов Алан Булатович, 6 «ә» сынып білім алушысы Сейдашым Меліс Нуркенұлы, 3 «д» сынып білім алушысы Нагиев Руслан Ралисович, 3 «д» сынып білім алушысы Жолдасбек Әліби Қаныбекұлы мен 5 «г» сынып білім алушысы Косякова Виктория Евгеньевна, инклюзивті біліммен 6 «б» сынып білім алушысы Артық Нұрәли Нұрланұлы, 5 «д» сынып білім алушысы Гребенников Даниил Александрович, 6 «а» сынып білім алушысы Орынбасар Айлин Болатқызы, 8 «б» сынып білім алушысы Айназар Әсем Азатқызы мен 5 «в» сынып білім алушысы Тұрар Арсен Бахытұлы оқып (тізімі отырысқа ұсынылды), 6 «в» сынып білім алушысы Абад Нұррахим Жарасұлы тамыз-қыркүйек айларында аудандық, облыстық денсаулық сақтау мекемелерінде ем қабылдауына байланысты үйде оқуға арналған тиісті қорытындысы қыркүйек айының соңына дейін алынады деп күтіліп отырғанын, өз кезегінде 2022-2023 оқу жылында үйде оқыған 6 «д» сынып білім алушысы Андреева Полина Денисовна денсаулығының жақсаруына байланысты биылғы оқу жылында үйде оқудан бас тартып, мектепте оқып отырғанын баяндады. Баяндамашы сондай-ақ оқу жылының басында барлық ерекше білімді қажет ететін білім алушыларды жаңа оқу жылында білім алуына мектепішілік бұйрық шығарылып, балалармен атқарылатын жылдық жұмыс жоспары құрылып, бұйрық пен жұмыс жоспары мектеп басшысымен бекітілгенін, тиісінше өз тарапынан үйде оқитын білім алушылардың медициналық диагнозына байланысты сабақ кестесін құрып пән бойынша мұғалімдер бекіткенін, сонымен қатар қыркүйек айының 12-13 күндері мектеп әкімшілігі тарапынан үйде оқитын білім алушылардың отбасылық әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары тексерілгенін, іс-шара барысында балалар және олардың ата-аналарымен әңгімелер жүргізілгенін, ай басында үйде оқитын білім алушыларға қажеттілігіне қарай компьютер құралдары берілгенін де баяндады.
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Асилбекова Айгуль Аманкуловна аяқталған оқу жылында сыныптардағы білім сапасы төмен, сабаққа уәжі төмен балалармен де жұмыс бағытын күшейту керектігін, мектептің психологиялық қызмет мамандары сынып жетекшілер мен пән мұғалімдерімен бірлесе отырып тиісті диагностика жұмыстарын жүргізіп, анықталған сабаққа уәжі төмен білім алушылармен пән мұғалімдері тарапынан қосымша жұмыстар атқарылуы керектігін айтты.
Отырыс соңында қызмет тізімде көрсетілген барлық үйде және ерекше білімді қажет ететін білім алушылардың білім сапасы оқу жылы бойы мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдері тарапынан қадағалансын.Мектептің медициналық, әлеуметтік және психологиялық қызмет мамандары тарапынан балалардың денсаулығы, көңіл-күйі мен қажеттіліктері оқу жылы бақыланып, қанағаттандырылсын.Мектептің психологиялық қызмет мамандары тарапынан сабаққа уәжі төмен балаларды анықтау, олармен атқарылатын жұмыс бағыты жандандырылсын.Жұмыс нәтижелері мектептің педагогикалық және директор жанындағы кеңестерде қаралып, талқылансын және шешімнің орындалуын қадағалау жауапты маман, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Омароваға жүктелсін деген шешім қабылдады.