27
сентябрь
2021
Ерекше білім беру
Мектептің әлеуметтік қызметінің 2021-2022 оқу жылында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен атқарылатын жұмыс жоспарына сай 2021 жылдың 20 қыркүйегінде №48 жалпы орта білім беретін мектеп әкімшілігі білім ошағында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен тиісті дәрежеде жұмыс атқарылуына жағдайдың жасалғандығын анықтау мақсатында мектептің материалдық базасына тексеріс жүргізді.
Тексеріс мектеп директоры Б.Ахметбеков, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен атқарылатын жұмыс бағытына жауапты маман, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Рахманова, директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Т.Джилкышибаев пен мектептің әлеуметтік педагогы, мектептің педагогикалық консилиум хатшысы М.Маделиевтің тікелей қатысуымен жүргізілді.
Бүгінгі күні білім ошағында «Меркі аудандық ведомствоаралық психологиялық–медициналық-педагогикалық консультациясы» КММ-сі 2021 жылы берген қорытындыларына сәйкес жалпы саны 7 білім алушы үйде оқып, 3 білім алушы инклюзивті біліммен оқуда. Аталған ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың оқу бағдарламасы бойынша 2021 жылдың қыркүйек айында мектеп директорының бұйрығы шығарылып, оқу процесіне санаты бар, тәжірибесі мол пән мұғалімдері бекітілді.