29
апрель
2026
Инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылғы 27 наурыздағы №203-Ө бұйрығына сәйкес №48 жалпы орта білім беретін мектебінің 6 мұғалімі инновациялық педагогикалық тәжірибелерін облыс көлемінде таратты. Атап айтсақ, биология пәнінің мұғалімі Н.Боровых, орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімдері К.Нарматова мен А.Бейсембетова, бастауыш сынып мұғалімі А.Бектыгулова, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері М.Суюндикова мен К.Мирабилдаев авторлық бағдарламаларын онлайн 3 ауданмен бөлісіп, қорғап шықты.