30
апрель
2021
Мектепішілік «ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ» конкурсы
Мектепішілік «ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ» конкурсы
Ағымдағы жылдың 30 сәуір күні №48 жалпы орта білім беретін мектебінде өткізілді. Мақсаты: педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді анықтау. Конкурсқа әдістемелік пән бірлестіктерінен кемінде 3 жыл педагогикалық өтілі бар педагогтер қатысты. Педагогтер конкурстың 4 кезеңі бойынша кәсіби шеберліктерін көрсетті.
1. Пән бойынша тест тапсыру
2. «Педагог қандай болуы керек?» эссе жазу
3. Шығармашылық жұмыстарын қорғау (электронды портфолио)
4. Оқу бағдарламасына сәйкес өткізілген бейнесабақ көрсету
«ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ» конкурсының нәтижесі бойынша биология пәнінің мұғалімі Камбарова Нуршакуль мен директордың құқықтық ісі жөніндегі орынбасары Сериков Нурбол «Ізденімпаз ұстаз», дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Айгелов Есжан «Талапты ұстаз», математика пәнінің мұғалімі Абдыкашова Гульзира «Жаңашыл ұстаз» номинацияларымен марапатталды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің Тусипбекова Толганай мен бастауыш сынып мұғалімі Бектыгулова Айгуль III орынды, бастауыш сынып мұғалімі Булгакова Валентина II орынды, ағылшын тілі пәні мұғалімі Ермекова Аида I орын иеленді. Ал, бас жүлдені қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Омарова Гульсын иеленіп, «Үздік педагог» конкурсының аудандық кезеңіне жолдама алды. «ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ» конкурсында кәсіби шеберліктерін көрсеткен әріптестерімізге шығармашылық табыстар тілейміз!