Мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының ІІ (аудандық) кезеңінің қорытындысы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2019 жылғы 22 қарашадағы №613, Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2019 жылғы 26 қарашадағы №513 бұйрықтырына сәйкес және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен теориялық іскерліктерін тереңдету, дарынды балаларды анықтау және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының ІІ (аудандық) кезеңі 2019 жылы 5-6 желтоқсан күндері №17 Иван Трубицын атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы базасында өткізілді. №48 жалпы білім беретін мектебінен барлығы 42 оқушы (9-11 сыныптар) қатысуы керек болатын, 10 «г» сынып оқушысы Клюева Виолетта ауырып қалуына байланысты қатысқан жоқ. Атап айтқанда, 9-сыныптан 19 оқушы, қазақ тілінде оқытылатын оқушы саны – 11, орыс тілінде оқытылатын оқушы саны – 8;
10-сыныптан 11 оқушы, қазақ тілінде оқытылатын оқушы саны – 6, орыс тілінде оқытылатын оқушы саны – 5;
11-сыныптан 12 оқушы, қазақ тілінде оқытылатын оқушы саны – 5, орыс тілінде оқытылатын оқушы саны – 7. Мектеп бойынша барлығы 18 оқушы жүлделі орындардан көрініп, нәтиже 43,9 %-ды құрады:
ІІ дәрежелі дипломмен 9 оқушы
- Тилекова Альбина – қазақ тілі мен әдебиеті орыс сыныптарында (10 «г»), пән мұғалімі – Есеналиева К.
- Бабуркин Михаил – информатика (11 «в»), пән мұғалімі – Ахилбаева С.
- Мұхтар Айсауле – география (11 «а»), пән мұғалімі – Ахметбеков Б.
- Оспанбаев Тогжан – география (10 «г»), пән мұғалімі – Худайбергенова М. А.
- Құралбай Даниал – география (10 «а»), пән мұғалімі – Рахымова Г.
- Саурбаева Айнур – орыс тілі мен әдебиеті (11 «а»), пән мұғалімі – Тыныстанова Г. М.
- Кулакова Елена – физика (11 «в»), пән мұғалімі – Джамалов А.А.
- Белякова Анастасия – математика (10 «г»), пән мұғалімі – Кулакова Ю.А.
- Арифова Белора – Қазақстан тарихы (11 «в»), пән мұғалімі – Куланов М.Н.
ІІІ дәрежелі дипломмен 9 оқушы
- Сосна Дарья – биология (9 «г»), пән мұғалімі – Боровых Н.
- Берікова Аяжан – химия (10 «а»), пән мұғалімі – Боранкулова Г.
- Трембач Анастасия – химия (9 «г»), пән мұғалімі – Антошина Е.
- Маратқызы Ұлдана – ағылшын тілі (9 «а»), пән мұғалімі – Орынтаева Г.А.
- Сарсенбай Шолпан - ағылшын тілі (10 «б»), пән мұғалімі –Макаева С.Ш.
- Аманбек Бағым – Қазақстан тарихы (9 «а»), пән мұғалімі – Кудербаева А.
- Жуманазар Адэма - информатика (9 «б»), пән мұғалімі - Аманова К.Д.
- Губанова Дарья – құқық негіздері (11 «в»), пән мұғалімі – Куланов М.
- Қасымхан Алина - биология (11 «а»), пән мұғалімі – Камбарова Н.А.
Құттықтаймыз!