04
декабрь
2021
8-11 сыныптар аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың I (мектепішілік) кезеңі
2021 жылдың 3 желтоқсан күні №48 жалпы орта білім беретін мектебінің 2021-2022 оқу жылына арналған мектепішілік жұмыс жоспарына сәйкес 8-11 сыныптар аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың I (мектепішілік) кезеңі өткізілді.
Мақсаты: білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық іскерліктерін тереңдету, жеке тұлғаның өз бетінше дамуына ықпал ету, білімге деген қызығушылықтарын арттыру, дарынды балаларды анықтау, олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысатын білім алушыларды іріктеу және даярлау.
Олимпиаданың ұйымдастырылып өтуі туралы мектеп әкімшілігі тарапынан 02.12.2021 жылы бұйрық шығарылып, білім алушылардың жұмыстарын бағалау мақсатында мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінен комиссия мүшелері тағайындалды және бастауыш сынып мұғалімдерінен кезекшілік ұйымдастырылды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша білім алушылар арасындағы Республикалық олимпиаданың I (мектепішілік) кезеңін өткізуде мектеп оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадаларды өткізу Ережесі басшылыққа алынды.
Республикалық пәндік олимпиаданың I (мектепішілік) кезеңіне қазақ тілі мен әдебиеті, орыс сыныптарындағы қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, математика, информатика, физика, химия, география, биология және өзін-өзі тану пәндері бойынша 148 оқушы қатысты. Нәтижесінде олимпиаданың II (аудандық) кезеңіне 52 оқушы жолдама алды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген Республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезеңіне жіберілген білім алушыларымызға сәттілік тілейміз!