28
февраль
2022
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезеңі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2022 жылдың 4 ақпанындағы №23 бұйрығына, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 2022 жылдың 8 ақпанындағы №45-Ө бұйрығына сәйкес 14-22 ақпан аралығында №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінде Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезеңі өтті. Пәндік олимпиаданың II кезеңі жаңа форматта, яғни республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы дайындаған Нұсқаулық басшылыққа алынды. №48 жалпы орта білім беретін мектебінен олимпиадаға барлығы 42 білім алушы қатысып, 15 білім алушы жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, биология пәнінен Мейркулова Гулназ III орын, Дүйсенбай Диана II орын; физика пәнінен Уәли Нұрлыбек II орын; математика пәнінен Танабай Динара III орын; география пәнінен Дүйсенбай Руслан III орын, Бердюгин Даниил III орын; қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Маратқызы Аруна III орын; орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінен Альтмаер Карина III орын; орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Колесникова Валерия мен Процык Анна III орын; ағылшын тілі пәнінен Раимбаева Ширин II орын; Қазақстан тарихы пәнінен Асиратдинова Ләззат пен Аманбек Бағым II орын, Сламбек Арслан III орын иеленді. Ал информатика пәнінен Малыч Глеб I орынды иеленіп, Республикалық олимпиаданың III (облыстық) кезеңіне жолдама алды. Жүлделі орын иегерлері арнайы дипломдармен марапатталды. Құттықтаймыз!