22
сентябрь
2023
Бос педагог-ассистент лауазымға конкурс
2023 жылдың 22 қыркүйек күні №48 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» 3-тарау 1-параграфының 135 тармағына сәйкес бос педагог-ассистент лауазымға конкурс өткізілді. Аталған бұйрықтың 154 тармағына сәйкес бос педагог-ассистент лауазымына Құрман Аяулым Ержанқызы 14 қыркүйек күні құжат тапсырған болатын. Конкурстық комиссия төрайымы мен мүшелері үміткердің құжатын Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес Бағалау парағында көрсетілген балдарды есептеуді жүзеге асырды, нәтижесінде бос педагог-ассистент лауазымына үміткер Құрман Аяулым Ержанқызының 5,5 балл алғаны анықталды. Конкурстық комиссия отырысының шешіміне сәйкес Құрман Аяулым Ержанқызының бос педагог-ассистент лауазымына тағайындауға мектеп директоры Б.Ахметбековке ұсыныс берілді.