Кушембаева Алтынай Бектұрғанқызы » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » » Кушембаева Алтынай Бектұрғанқызы
25
май
2021

Кушембаева Алтынай Бектұрғанқызы

        Жамбыл облысы Меркі ауданы №48 жалпы орта білім беретін мектебі
тарих пәнінің мұғалімі
Кушембаева Алтынай Бектургановна

      Кушембаева Алтынай Бектұрғанқызы 1968 жылы 24 мамырда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылында дүниеге келген. 1990 жылы Қыздар Педагогикалық Институтын бітірген. Еңбек жолын "Красный Октябрь" ауылындағы №5 ом тарих пәні мұғалімі қызметінен бастаған. 1994 жылдан бастап № 48 ЖББМ тарих пәні мұғалімі болып жұмыс істейді. Тарих пәні мұғалімі Кушембаева Алтынай 2015 жылы ҚР Білім және Ғылым министрінің Алғыс хатымен марапатталды.

       Мұғалім 8 сыныпқа  «Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы» тақырыбында әдістемелік оқу құралын әзірлеп, аудан көлемінде таратты. Облыс көлемінде өткен 2015 ж «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында ІІ орын иеленді.

       Педагогикалық жұмысының нәтижесі тұрақты: үлгерімі 100 % , білім сапасы 72-75 %

       2017-2018 оқу жылында Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, ІІ орын, 2018-2019 оқу жылында І орын, 2019-2020 оқу жылында І орын алды.

        Кушембаева Алтынай – аудан, облыс деңгейдегі семинарлардың тұрақты қатысушысы.Мұғалім тарих пәнінен оқулықтар бойынша ҚР БҒМ сараптау комиссиясының құрамына кіреді.2019-2020 оқу жылында «Жаңартылған мазмұндағы 11- сыныпқа арналған оқулықтар мен оқу- әдістемелік кешендерді педагогикалық қауымға таныстыру және талқылау»атты өңірлік әдістемелік семинарға қатысты. 

       Кушембаева Алтынайдың шәкірттері халықаралық, республикалық, аудандық олимпиадаларының жеңімпаздары.

     Облыстық «Ең үздік ғылыми жоба» байқауына 8 сынып оқушысы Байкенес Жанэля «Орта мектеп жағдайында ұлттық толеранттылықты қалыптастыру мәселесі »тақырыбындағы ғылыми жұмысы үшін  ІІ орын иеленді. 

      2019-2020 оқу жылы «Дарын» РҒПО қашықтық олимпиадасында Жұмабекова Н, Сәрсенбай Ш  І орын, Алеке Г, Аманжол К ІІ орын иеленді.

      «Тарих Ата» қашықтық олимпиадасында Өксікбай А, Аманбек Н, Иманалы А ІІ орынды иеленді. 

      «Алтын жабағы»  ХҮІІІ   Халықаралық  конкурста Иманалы А, Жандуалиев А, Сарсенбай Ш І, ІІ орындарды иеленді

      Кушембаева Алтынай  аудан, облыс педагогтерімен өз тәжірибесін бөлісіп отырады. Оның еңбектері БАҚ, ғаламтор желісі беттерінде басылып тұрады. «Педагогикадағы инновациялар, «Жаңаша оқыту жолында» республикалық ғылыми- әдістемелік журналдарында сабақтары жарияланып тұрады.

      Өз ісіне жауапты, заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив