Ермекова Аида Насихатовна
Ермекова Аида Насихатовна ,1990 жылы 24 сәуірде Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақтоған ауылында дүниеге келдім. Ұлтым –қазақ. Әкем мен анам - жеке кәсіпкер.
1997 жылы Тараз қаласы №48 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебіне 1-ші сыныпқа барып, 2006 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақтоған ауылындағы №4 Тілеміс батыр атындағы орта мектебінде 9-шы сыныпты аяқтадым. 2006 жылы Тараз қаласына "Парасат" колледжіне «Бастауыш жалпы білім беру» бөлімінде «Шет тілі пәні мұғалімі» мамандығы бойынша оқуға түсіп , 2010 жылы үздік аяқтап диплом иелендім.Осы жылы өз мамандығым бойынша білімімді жалғастыру мақсатында "ЖГТУ" жоғары оқу орнына түсіп, 2013 жылы аяқтадым.
2010 жылы қыркүйек айында Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақтоған ауылында №4 Тілеміс батыр атындағы орта мектебінде алғаш еңбек жолымды бастадым.2011 жылы ауданда жас мамандар арасында өткізілген «Ауылдың үздік мұғалімі» байқауына қатысып І дәрежелі дипломға ие болып,облыс бойынша ІІІ дәрежелі дипломға ие болдым.
2016 жылы ақпан айында №48 орта мектебіне орналастым.Қазіргі уақытта осы аталған мекемеде қызмет етудемін.2018 жылы желтоқсан айында аттестациядан өтіп ,педагог-модератор біліктілігін алдым.2019 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінін ұйымдастыруымен өткен V Аймақтық виртуалды байқауға қатысып «Үздік мультимедиалы оқу презентациясы» бойынша ІІІ дәрежелі диплом иелендім.