Садыханов Алимхан Абдрашитович
Жамбыл облысы Меркі ауданы №48 жалпы орта білім беретін мектебі
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Садыханов Алимхан Абдрашитович
Садыханов Алимхан Абдрашитович - 1991 жылы қараша айының 11 – і күні Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылында туылдым. Ұлтым – қазақ.
2007 ж – 2011 жылдар аралығында Жамбыл политехникалық колледжін «Мұнай газ кен орындарын пайдалану» мамандығы бойынша үздік дипломмен, 2011 ж – 2014 ж М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Мұнай газ ісі» техника және технология бакалавры мамандығы бойынша бітіріп шықтым.
2015 ж – 2017 жылдар аралығында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітіріп шықтым.
2019 жылдың қазан айының бірінші жұлдызынан бастап № 48 жалпы білім беретін мектебіне «Дене шынықтыру пәні бойынша мұғалім болып қабылдандым.
Пән мұғалімі ретінде жетістіктерім; 2019 ж Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының спорт түрлерінен 24-30 жас аралығындағы қысқа қашықтыққа жүгіруден аудан аралық жарысында ІІІ – орын дипломымен марапатталдым.
2020 жылы волейболдан аудандық ашық турнирінде І – орын иеленіп, Меркі ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтамасымен марапатталдым. 2020 жылы Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Әкем, Анам және Мен – спорттық отбасы» мектепшілік фистивалінде І – дәрежелі дипломмен марапатталдым. 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған мектепшілік «Екі жұлдыз» байқауынан І – орынды иелендім.
Оқушыларымның жетістігі; 2019 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және Жастар жылына орай «Спорт, жастар есірткіге қарсы» ұранымен ұйымдастырылған аудан аралық оқушылар спартакиадасында Асық ату түрінен өткен жарыста Жұмағұл Ержан І – орын дипломымен марапатталды.2019 – 2020 оқу жылында №48 ЖББМ – де «Футболдан мектеп лигасы» жарысы бойынша 5 – 6 – 7 сынып ұлдары арасында 6 «Б» командасы І – орын ; 7 «В» командасы ІІ – орын; 5 «В» командасы ІІІ – орынды иеленді