«Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстарының нәтижесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 2024 жылғы 24 қазандағы №1664 хатына сәйкес 14 қараша күні 2-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстарының аудандық сараптау кезеңіне №48 жалпы орта білім беретін мектебінен 7 ғылыми жоба ұсынылған болатын. Аудандық сараптау кезеңінің нәтижесінде 6 «А» сынып оқушысы Марат Адияның «Біздің өміріміздегі пайыздар» жобасы II орын (жетекшісі Р.Сейілжан), 7 «Ә» сынып оқушысы Берді Дарынның «Қазақ хандығынан цифрлық Қазақстанға: тарих пен технологияның сабақтастығына» жобасы II орын (жетекшісі А.Кудербаева) иеленсе, 3 «А» сынып оқушысы Болатхан Дәулеттің «Балдыркөктің біз білмейтін қасиеті» жобасы I орын (жетекшісі З.Есенбаева) иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. 2024 жылдың 6 желтоқсан күні «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстарының облыстық сараптау кезеңі нәтижесінде 3 «А» сынып оқушысы Болатхан Дәулеттің «Балдыркөктің біз білмейтін қасиеті» жобасы II дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!